Школы Жамбылской области
» » "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті
» » "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті

    "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті


    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 қыркүйегінде «Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің зерттеуге  жауапты мамандары, халықаралық зерттеуге қатысатын мектеп үйлестірушілері, барлығы – 32 педагог қызметкер қатысты.
    Оқыту семинарының мақсаты – халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсыну, пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы олардың құзіреттілігін дамыту, халықаралық  зерттеу тапсырмаларын мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету.

    Қазақстанда 2018 жылы халықаралық TALIS, ICILS және PISA негізгі зерттеулері өтеді.

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2017 жылдың сәуір айында өтетін халықаралық TALIS және ICILS негізгі зерттеулеріне қатысушылардың іріктеуін қалыптастыруға арналған статистикалық мәліметтер қорын жинақтауда.

    TALIS (The Teaching and Learning International Survey) зерттеуінің мақсаты – қатысушы елдерге кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер корпусын дамытудың жаңа басымдықтарын қайта қарауға және анықтауға мүмкіндік беретін сенімді, салыстырмалы деректерді қамтамасыз ету. 2018 жылы зерттеудің үшінші циклі өтеді (2008 ж. – бірінші, 2013 – екінші). Қазақстан алғашқы рет TALIS халықаралық зерттеуінің үшінші цикліне қатысады.

    Зерттеуге қатысатын мұғалім мен мектеп директорлары білім беру саясатын талдауға және дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік  алады.

    TALIS зерттеуі мектеп мұғалімдері мен директорларына халықаралық келісілген сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі. Зерттеу шеңберінде мұғалімдердің фондық сипаттамасы, қолданатын технологиялары мен оқыту әдістері, әдеттері және көзқарастары, мұғалімдерге көрсетілетін кәсибі дамуы мен әдістемелік қолдаулары, олардың мұғалімдермен және оқушылармен арасындағы қарым-қатынасы, мектепшілік басқару сұрақтары қарастырылады.

    TALIS-2018 халықаралық негізгі зерттеуіне облыс бойынша 13 жалпы білім беретін мектеп (Тараз қаласынан Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, №10 орта мектеп, Жамбыл ауданынан Айша-Бибі орта мектебі, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектеп, А.Макаренко атындағы орта мектеп, Жуалы ауданынан №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясы, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп,  Қордай ауданынан №35 Р.Қунақова  атындағы орта мектеп, Меркі ауданынан №5 Ақарал орта мектебі, Талас ауданынан Бозарық негізгі мектебі, Шу ауданынан С.Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебі, Төле би (қ) атындағы орта мектебі) барлығы 13 білім мекемесі қатысады.

    ICILS (Intemational Computer and information Literacy Study) зерттеуінің мақсаты – оқушылардың  IT құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT құзыреттерін қалыптастырудың мектептегі білімге және балалардың IT дағдыларының  дамуына әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

    Қазақстан 2018 жылы ICILS зерттеуіне алғаш рет қатысады. 

    ICILS халықаралық зерттеуінің тапсырмалары 8-сынып оқушыларының басқа елдегі олардың құрдастарымен салыстырғандағы IT құзыреттері деңгейін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.   

    ICILS-2018 халықаралық негізгі зерттеуіне  облыс бойынша 15 жалпы білім беретін мектеп (Тараз қаласынан Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, №№54, 18, 22, 35, 21 орта мектептер,  Жамбыл ауданынан  Ю.Гагарин атындағы орта мектебі,  Т.Рысқұлов ауданынан Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі, Талас ауданынан А.Байтұрсынов атындағы гимназия, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Шу ауданынан Мойынқұм шағын орталықты орта мектебі,  №40 орта мектебі, Қордай ауданынан №10 Қызылсай орта мектебі, №25 негізгі мектеп,  №27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі) барлығы 15 білім мекемесі қатысады.

    PISA (Program for International Student Assessment) –  15 жастағы оқушылардың білімі мен білігін бағалау.

    Қазақстан алғаш рет PISA-2018 компьютерлік форматтағы тестілеуге қатысады. PISA-2018 халықаралық негізгі зерттеуінде бірінші рет жаһандық құзіреттілік бағалауы енгізіледі. Зерттеуге  қатысуға 82 ел өтініш білдірген. Жаңа елдер: Украина, Беларусь  Республикасы, Марокко.

    PISA-2018 халықаралық негізгі зерттеуіне  облыс бойынша қатысатын мектептер желтоқсан айында белгілі болады.

    "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті
    "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті
    "Халықаралық зерттеулер: TALIS, IСILS және PISA негізгі зерттеулерінің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстары" тақырыбында оқыту семинары өтті


     

     

     


    Похожие новости
  • Мектеп"Асханасы"
  • Жамбыл ауданы Ысмайылұлы атындағы орта мектебі тәрбие сағаты

Фото жаңалықтар
Бүгінгі жаңалықтар
Жаңа мақалалар
06 декабря Жалпақсаз бастауыш мектебі

06 декабря Жалпақсаз бастауыш мектебі

06 декабря Жалпақсаз бастауыш мектебі

Маңызды жаңалықтар